RU

Шетелге саяхаттайтын отандық туристердің саны күрт азайып кеткен

Әлемдегі қаржылық дағдарыс туризм саласын айналып өтпеді. Бүгінде елімізден өзге мемлекетке қатынайтын туристердің саны күрт азайып кеткен.

Осыдан біраз уақыт бұрын туристер жоғары деңгейлі қонақжайлықты қаласа, қазіргі таңда қалтаға қонымдысын таңдайтын болған. Тіпті, дүйім жұрт қаржысын үнемдеу үшін көшпелі туризмге көшкен. Бұл ешқандай туроператорлардың көмегіне жүгінбестен, өз еркімен саяхаттау деген сөз.

Айта кетейік, туристердің шетелге шығу қарқыны бірден 10 пайызға төмендеген. Егер апта сайын елімізден 100 турист қатынайтын болса, қазір оның саны 10-ға әрең жетеді.

«Біз бұл арқылы ішкі туризмнің артатынын байқаймыз. Онымен қоса, елімізде көшпелі туризмді дамыту керек. Қазақстандықтарға онсыз да өз елімізде баратын аймақтар көп. Тіпті, елімізге қызыққан туристерге бар жағдайды жасауымыз қажет. Әрі көшпелі туризмді дамытатын түсінікті заңда керек»,- деді Қазақстан туристiк агенттiгi қауымдастығының ресми өкiлi Денис Кривошеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/952123-shetelge-sayakhattaytyn-otandyq-turist.html