RU

Анасымен арақ ішкен рудныйлық азаматша ауруханадан бір-ақ шықты

Денесінің 40 пайызын күйік шалған Рудный тұрғыны ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Қостанай таңы басылымы.

Оқиға отбасылық отырыста болған. 42 жастағы азаматша асүйде анасымен арақ ішіп, темекі тартып отырады. Абайсызда темекі тұқылын үстіне түсіріп алып, өртене бастайды.

Анасы өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып үлгереді.  912136Әйел рудный қалалық ауруханасына жеткізіліп, үшінші дәрежедегі күйік диагнозы қойылды.

"Ол қазір ес-түссіз жатыр және жасанды тыныс алдыру аппаратына танылған. Өртте оның басы, қолы және жамбасы қатты күйген",-деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/952160-anasymen-araq-ishken-rudnyylyq-azamat.html