RU

Жамбыл облысында мектеп директоры мұғалімді жұмысқа алу үшін 150 мың теңге сұраған

Жамбыл облысында мектеп директоры мен оның орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды.

Жергілікті тұрғын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне келіп, Меркі ауданындағы №18 А. Қосанұлы атындағы мектептің директоры бұдан көркемдік жетекші қызметіне алу және жұмыстан босап кетпеу үшін 150 мың теңге пара талап еткенін айтып, арызданған.

Арада үш күн өткенде мектеп директоры өзінің қызметтік кабинетінде 150 мың теңге пара алу үстінде ұсталды. Бұдан кейін тергеу кезінде мектеп директорының орынбасарынан 130 мың теңге көлемінде ақша және мектеп қызметкерлерінің аты-жөндері жазылған тізім табылды.

Бұл тізім бойынша мектеп мұғалімдері 1 млн 383 мың теңге жинап, Жамбыл облыстық білім саласын бақылау департаментінің қызметкерлеріне бермек болған. Олар әрине, мектептің білім сапасын тексеру барысында мәселені оң шешпек болыпты.

Қазіргі уақытта мектеп директоры уақытша қамауға алынып, тергеу амалдары жүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/952192-zhambyl-oblysynda-mektep-direktory-mu.html