RU

Қайрат Сатыбалды Kaspi Bank-тің акционері болды

Қайрат Сатыбалдыұлы Kaspi Bank-тің акционерлері құрамына кірді деп хабарлады бүгін банктің ресми сайты.

Банк таратқан ақпаратқа қарағанда, Kaspi Bank ұлттық банктен холдинг деген мәртебе алған. Kaspi Bank-тің акционерлері банктің директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы мен банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе және "Бэринг Восток Кэпитал Партнерс" халықаралық инвестициялық компанияларының басқаруындағы қорлар болған.

Kaspi Bank-тің мәліметінше, қазір Сатыбалдыұлы мен Ломтадзенің банктегі үлесі 10 пайыздан аз. Екі акционер де алда банктегі үлесін арттыруды көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/952290-qayrat-satybaldy-kaspi-bank-tinh-akcioneri-bol.html