RU

Серік Ибрагимовтің хит әні мектептерде шырқала бастады (видео)

Астанада мектеп оқушылары әнші Серік Ибрагимовтің "Жаяу" әніне таңғы жаттығуларын жасайды. Бүлдіршіндер әртістің би қимылдарын да айнытпай қайталайды.

 

Бұл туралы әртіс Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Видеода әртістің қызы сыныптастарымен бірге жаттығу орындайды.

Еске сала кетейік, жуырда Серік Ибрагимов Баян Есентаеваның жетекшілігіндегі "Лашын" тобымен бірге тағы да бір көңілді әнімен тыңдармандарын қуантпақ. Жаңа туындының бейнебаяны да аяқталуға жақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/952726-astanada-mektep-oqushylary-serik-ibra.html