RU

Бразилияда бөксесі ең әдемі "Бумбум аруы" анықталды

Бразилияда қазылар алқасы "Бумбум аруы" байқауында бөксесі ең әдемі аруды анықтады. Жыл сайын өткізіліп тұратын байқаудың танымалдылығы тұрғындар арасында футбол чемпионатынан кем түспейді. Ақтық сынға ғаламтордағы дауыс беру нәтижесі бойынша 15 бойжеткен шықты.

Бақ сынасқандардың бөксесіне көзі әбден тойған ерлерден құралған қазылар алқасы бір топ арудың ішінен Санта-Катаринадан келген Индинара Карвальюге даусын берді.

"Сонша қыздың ішінен жеңіске жетем деп ойламадым. Мұндай атаққа қол жеткізу мен үшін үлкен мәртебе. Кез келген бразилиялық бойжеткен осыны армандайды", — деді Бумбум аруы.

Бразилиялық БАҚ-тың хабарлауынша, жеңімпазға ақшалы жүлде 22 мың доллар табыс етіледі.

Әдеттегідей, кейіннен «Бумбум аруы» байқауының жеңімпаздары жарнамаға түсуге ұсыныстар алып, табысты модельдерге айналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/953015-braziliyada-boksesi-enh-ademi-bumbum-ar.html