RU

Қазақ азаматы ханшайым Диананы, Мадонна мен Мэрилин Монроны жезөкшеге теңеді

Өзін адамгершілік жаршысы санайтын қазақ азаматы жұртты қазақ аруларына батыстың белгілі "жезөкшелерінің" атын бермеуге үндеді.

Abai.kz ақпараттық порталында Тоғайбай Нұрмұратұлының «Почему мы возвеличиваем проституток» деген материалы жарыққа шықты. Онда автор ағылшын ханшайымы Диананы, актриса Мэрилин Монроны, әнші Мадоннаны, Бритни Спирсті және басқа да шетелдік шоу-бизнес жұлдыздарын "жезөкше" деп атайды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

"Жақында сөзжұмбақ шешіп отырып, "Принцесса" деген сөзге көзім түсті. Ойымдағы барлық нұсқаны  есіме түсірдім. Сөйтсем, ағылшын ханшайымы Диананың есімі жасырылған екен. Оның өліміне бәрінен бұрын атақты гей және "дарынды сазгер" Элтон Джон қатты қайғырған еді", - деп жазылған жазбада.

 

Тоғайбай Нұрмұратұлының пікірінше, Диана ханшайым өзінің басынан кешкен махаббат хикаяларының кесірінен Ұлыбритания мемлекетіне, патшалық отбасының атына да кір келтірген.

"Бірақ ағылшындар жезөкше Диананың абыройынан гөрі халықтың абыройын жоғары қойды, сондықтан Диананың туған балалары да анасының өліміне зар жылаған жоқ", - делінген мақалада.

Автор әйгілі актриса Мэрилин Монроны да назардан тыс қалдырмайды. Оның айтуынша, Монро бірнеше рет шаңырақ көтерген, әнші Мадонна балаларының туған әкесі кім екенін де білмейді, ал әнші Бритни Спирс тіпті аналық құқығынан айырылған жеңілтек әйел.

«Мадонна 57 жасында жап-жас еркектерді көзі шалса болғаны, басы айналып, сілекейі ағады. АҚШ пен Еуропадағы жұлдыздар төсектес болған еркектер санымен мақтанады", - деп жалғастырады сөзін Тоғайбай Нұрмұратұлы.

Автордың пікірінше, жоғарыда аталған жұлдыздардың барлығы өз ұлтына және мемлекетіне ешқандай еңбек сіңірмеген.

«Қазір жеңілтек жүрісімен атағы шыққан әйелдерді дәріптеу тенденциясы қалыптасты. Сондықтан, біз жаңа туған нәрестелерімізге солардың есімін бермесек екен деп армандаймын", - деп ойын түйіндеді Нұрмұратұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/953165-qazaq-azamaty-khanshayym-dianany-madon.html