RU

Оралдағы туберкулез орталығының жантүршігерлік жағдайы жұртты шошындырды

Оралдағы туберкулез орталығының емделушілері жаңа жылдық ойыншыққа ақша жинамағаны үшін, 1 айға қамалғандарын айтып шағымданды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

Орал қаласындағы туберкулезді емдеу орталығының қорқынышты жағдайы түсірілген видео бүгін ғаламторда жария етілді. Видеода ашынған емделушілер емхананың жағдайын көрсетеді. Видеодан – орталықтағы науқастарға арналған бөлменің лас екенін, тіпті ас ішетін үстелдің жиіркеніштігі мен құбырдың шіріп жатқаны анық көрініп тұр. Тіпті науқастың бірі дәрігерлердің дертке қарсы дәрі бермейтінін ашық айтып арызданса, енді бір дәретхана болмағандықтан бөтелкеге отыратынын көрсетіп берді.

"Әжетхана жоқ, кіші дәретті өз бөлмемізде бөтелкеге сындырамыз", - дейді науқас.

Видеоға түсіруші азамат ақхалаттыларды өз жұмысына салғырт, науқастарға хайуан сияқты қарайды, емдеудің орнына ұрып-соғады деп айтыптады.

«Бізді мұнда болмашы нәрсе үшін қамады. Жаңа жылдық шыршаның ойыншығын сатып алуға ақша бермегеніміз үшін», - деп ренішін білдірді, туберкулезге шалдыққан азамат.

Ал видеоға қатысты туберкулез орталығының мамандарынан қандай да бір жауап берілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/953226-oralda-tuberkulez-ortalyghynynh-emdel.html