Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал академик ағзаға пайдалы және зиянды тағам түрлерін атады

Опубликовано:

ҚТА және Ұлттық салауатты тағамтану орталығының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов Қазақ тағамтану академиясы, Профилактикалық медицина академиясы және ҰСТО өткізген баспасөз мәслихатында пайдалы және зиянды тағам түрлерін атады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Тамақтануда қалыптасқан әдеттен арылу өте қиын, ол тіпті дінді өзгертуден де күрделі деген екен бір америкалық ғалым. Адам ауырмай, тартымды болып, ұзақ әрі сапалы өмір сүргісі келеді. Бұл үшін бірінші кезекте тамақтанудағы әдетті қалыптастыру керек. Мен өз басым кез келген нәрседен жылдам бас тарта аламын. Өйткені, мен оның зиянды екенін білемін. Мен бұрыннан бері бір қызанақ, бір қияр, бір алма немесе бір болгар бұрышын жеймін. Содан кейін бір литр шай ішемін. Ешқандай нан, сары май, шұжық жемеймін. Менде үйде үстелде май, тұз, қант мүлде болмайды. Тек пайдалысын жеп үйрену керек", - дейді академик.

Сонымен бірге ғалым дұрыс тамақтанудың арқасында денсаулығы әлі күнге дейін сыр бермегенін жасырмады.

"Қымыз ішемін, кем дегенде 7-8 сағат ұйықтаймын. Күн сайын 30 минуттан жүземін. Менің өмір салтым осындай. Етті сирек жеймін, тек жылқының етін, майын жеймін, өйткені, ол аса пайдалы. Балық майын ішемін, бұның барлығын мен таңертең және түсте жеймін. Ал кешке тек жеміс-жидекпен тамақтанамын. Менің жасым 86-ға келіп қалса да дұрыс тамақтанудың арқасында есте сақтау қабілетім жақсы, дәріс оқимын, алдағы мақсаттарға жетуге ынтам бар, әлемді аралап жүрмін», - дейді Шарманов.

Ғалымның кеңесі бойынша, кез келген жастағы адамның көкөніс пен жеміс-жидекті жегені дұрыс. Еттен бас тартуға да болады. Қызыл ет қауіпті, ақ ет, мысалы құс етін жеуге болады. Сондай-ақ, қазыны жеген аса пайдалы. Қуырылған тамақтан бас тартқан жөн. Тәттілерді жемеу керек. Дегенмен, шоколад зиянды емес, ол денсаулыққа пайдалы. Жаңғақ, пияз жеген пайдалы. Дүкен сөрелерінде көпке шыдайтын сүттер зиянды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/953333-tanymal-akademik-aghza-paydaly-zhane-zi/

pixel