RU

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 2016 жылы Қытайда жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл Қанат Исламның келер жылы өткізетін алғашқы кездесуі болуы мүмкін. Бұған дейін әйгілі меценат Бауыржан Оспанов ақпарат құралдарына берген сұхбатында Қанат Ислам алдағы уақытта кәсіпқой бокстағы әлемнің ең әйгілі компанияларының бірімен келісімшарт жасауды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Айта кету керек, 31 жастағы қазақстандық боксшы алғашқы орта салмақтағы WBA Fedelatin белбеуінің иегері. Ол кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, ал 17 қарсыласын мерзімінен бұрын нокаутпен ұтқан. Қазір Қанат Майамиде жаттығып жүр.

Соңғы жекпе-жегінде Қанат Ислам алғашқы раундтың алғашқы минутында доминикандық Джонатан Батистаны (15-7-0) нокаутпен жеңді. Отандасымыз бір сұхбатында алдағы уақытта Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/953396-kanat-islam-kelesi-zhekpe-zhegin-kytajda-otkizui-mymkin.html