RU

Өскеменде ер адам жалған хабарлама үшін қалыңдығын өлтіріп тастады

Өскеменде ер адам қалыңдығына жала жапқан анонимдік хат үшін оны жауыздықпен өлтірген, деп хабарлады YK-news.kz.

Белгілі болғандай 48 жастағы бойдақ вахталық әдіспен Өскеменде жұмыс істеген. Наурыз айында Привольный ауылында жергілікті тұрғынымен танысады. Жаңадан танысқан әйелдің бойжеткен қызы болған.

Ер адам сүйіктісіне үйленуге бел байлап, қалыңдығын Алматы облысына апарып, туған-туысқандарымен таныстырмақ болады. Сөйтіп, автобусқа билеттер сатып алады. Уақыт әлі болғандықтан, болашақ ерлі-зайыпты бірнеше сағатқа пәтерді жалға алды.

Бір уақытта ер адамның телефонына смс-хабарлама келді. Онда қалыңдығына жала жабылған. Осыдан кейін ол хатты қалыңдығына көрсетіп, түсіндіруін талап етеді. Әйелдің оның сұрақтарынан жалтарғаны салдарынан ер адам алдымен қызғанып, кейін ашуға бой алдырды. Хатқа сенген ол әйел адамды ұра бастайды. Жапа шегуші есінен танғанда ер адам оның мойнына пышақ сұғады.

Тексеріс барысында әйел адамның мәйітін үй иесі тауып берген. Тергеу бұл зұлымдықпен жасалған қылмыс екенін жария етті.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызғаншақ ер адамды 16 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтейді. Сонымен қатар алматылық жапа шеккеннің қызына моральдық залал келтіргені үшін бір жарым миллион теңге төлеуге міндеттеледі. Үкім заңды күшіне енбеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/953755-oskemende-er-adam-zhalghan-khabarlama-ush.html