RU

Алматыда қыз алып қашпақ болған студенттердің әрекеті жаға ұстатты

Желіге алматылық студенттердің қыз алып қашқаны туралы видео жарияланды. Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің бір топ студенті жас қызды күштеп көлікке сүйреген.

Tengrinews.kz хабарлауынша, 17 жастағы Айсел есімді студент қызды колледжге ағасы алып келген. Алайда, бір топ студент ағасына да әл бермей, қызды күштеп көлікке отырғызады.

Колледж директорының айтуынша, қыздың туыстары күштеп алып қашқан жігітті білетін болып шыққан.

Бүгінде аталған видео желіде қызу талқыланып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/954402-almatyda-qyz-alyp-qashpaq-bolghan-stude.html