Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денесіне тату суретін салған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Опубликовано:

Денеге салынған тату суретін жасатуға әркімнің батылы бара бермейді. Бірақ, қазірде бұған көпшіліктің көзі үйреніп қалды. Кей адамдар тату суретінен мән-мағына іздесе, біреулер сән үлгісі ретінде денесіне сызып алады. NUR.KZ қазақстандық жұлдыздардың ішінде денесіне тату салдыртқан әртістерді назарларыңызға ұсынады.

Мақпал Исабекова, әнші

"7 саны - мен үшін сәтті сан. Менің аяғымда пішіні жеті санына ұқсайтын жұлдыздың суреті бар", - дейді әнші Instagram парақшасында.

Дилани, рэпер

"Бір рет тату суретін сызған соң, артынан екіншісін, үшіншісін жасатқың кеп тұрады. Алғашқы тату суретін 11 сыныпта салдырттым. Сыздырған жапондық иероглиф "Жауынгер жолы - самурай" дегенді білдіреді. Екінші суретімде өз атымды араб тілінде жаздырттым", - дейді рэпер.

"Оң қолымдағы айдаһар бейнесі сабырлық пен даналықты бейнелейді. Бірақ аждаһаның шамына тиген жан оның қаһарына ұшырайды. Сол қолымдағы көк барыс  –Қазақстан бейнесі" - деп бөлісті сырымен рэпер Караван газетіне.

Илья Ильин, ауыр атлетші, екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы.

Танымал қазақстандық ауыр атлетшінің сол қолында джокердің бейнесі суреттелген. Алайда, спортшы өз тату суретінің мағынасын құпия ұстағанды жақсы көреді.

Рафаэль Ромен, стилист

"Алғашқы тату суретімді 16 жасымда салдырттым. Бір аптадан соң екі қолымды да боятып алдым. Бірақ денемдегі суреттерге аса үлкен мән-мағына бермедім. Оларға жеңіл қараймын", - дейді стилист.

Рафаэльдің айтуынша, Sailor Moon, - бала кездегі сүйікті мультфильм кейіпкері. Сол арқылы жас жігіт жақсылықтың әрдайым жамандықты жеңіп шығатынына қатты сенеді.

Луина, әнші

Әнші үшін тату суреті сәттілікке бастайтын бойтұмар іспеттес. Луина тату суретін жасатуды жастайынан армандап келген.

"Денемдегі тату суретін X-Factor жобасынан кейін салдырттым. Ол мені қорғап жүретін тұмарым секілді. Бұл тату суреті мені тағдырымды айқындап берді", - дейді әнші сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/954466-denesine-tatu-suretin-salghan-qazaqst/

pixel