RU

Босанып жатқан әйелімен селфи жасаған жігіт ғаламтор жұлдызына айналды (фото)

АҚШ азаматы Гил Солано босанып жатқан әйелімен селфи жасап, Reddit сайтына жариялаған, деп жазады Daily Mail.

Соланоның айтуынша, әйелі «босанып жатқандағы түрімді біреу суретке түсіріп алса екен» деген тілек білдіріпті. Бұл міндетті күйеуі өз мойнына алған және өте тамаша орындағанға ұқсайды.

Нәтижесінде, Солано жымиып, ал толғағы келген әйелі Сара қиналып жатқан сурет шықты. Басылымның мәліметінше, қазірде сурет 1,5 млн-нан аса көрермен жинаған.

«Мен негізі бұл суретті қарындасының қалын сұрай берген ағаларына жолдау үшін түсіргем», - деген Солано осы суретті толғақтары арасында әйеліне көрсеткен кезінде оның күліп жібергенін айтты.

«Қазір салмағы 3,3 келі томпақ қызымды анасы емізіп жатқанда, мен оларға сіздердің пікірлеріңізді оқып беріп жатырмын», - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/954556-bosanyp-zhatqan-ayelimen-selfi-zhasagha.html