RU

Ақтөбеде 10 оқушы қыз мектеп қабырғасында жүріп, жүкті болып қалды

Ақтөбеде тұратын он оқушы қыздың аяғы ауырлап қалған. Бұл жөнінде қалалық әкімдікте мектеп директорларымен өткен кездесу кезінде айтылды деп хабарлайды Керек-инфо.

Қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиеваның қатысуымен өткен мәжіліс кезінде кәмелетке толмағандардың арасындағы ерте жүктілік, суицид пен қылмыс жайы талқыланды.

Полицияның мәліметінше, Ақтөбеде балаларға қарсы жасалатын қылмыс саны азайған. Дегенмен, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны көп. Биылдыққа 112 жол апаты тіркелді. Соның салдарынан 2 бала қайтыс боп кетті.

Мамандар оқушылардың арасында өз-өзіне қол жұмсау деректері азайғанын айтады.Яғни, қайтыс болған балалар саны былтырғымен салыстырғанда азырақ. Дегенмен, суицидке ұмтылушылар саны 15,4 % өскен.

Жиында келтірілген мәліметтерге қарағанда, қазір Ақтөбеде тұратын 51 жасөспірім қыздың аяғы ауыр. Оның 10-ы мектеп оқушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/955099-aqtobede-10-oqushy-qyz-mektep-qabyrghasyn.html