Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 16 жыл бойы өсірілген «Жұмақ құсы» гүлдеді

Опубликовано:

Петропавлда «Табиғат балалары» ботаникалық бағында стрелиция немесе «Жұмақ құсы» гүлдеді деп хабарлайды BNews.kz.

Ботаникалық бақтың директоры Равиль Рязаповтың айтуынша, бұл экзотикалық өсімдіктің отаны Оңтүстік Африка саналады. Бүгінде Жұмақ құстары – стрелициялар бүкіл әлемде танымал, оның үстіне өсімдіктің бұл түрі Лос-Анжделес қаласының эмблемасына арқау болған.

«Стрелиция – экзотикалық формасымен барша әлемді тамсандырған отты гүл, ағылшын патшайымы Шарлотта-Софияның құрметіне аталған», - деп түсіндірді Рязапов.

Ботаникалық бақ қызметкерлерінің айтуынша, бұл өсімдікті осыдан үш жыл бұрын Ұлттық банк қызметкері сыйға тартқан екен.

«Ол стрелицияны тұқымнан 16 жыл бойы өсіріп келген», - дейді бақ қызметкері Антонида Киздарова.

«Жұмақ құсы» атына заты сай, өсімдіктің ерекше түрі. Оның әр гүлі тігінен бағытталған үш сарғылт түсті гүл тостағаншасының жапырақтарынан және көгілдір түстес үш жапырақтан тұрады. Екі жапырақ бірігіп садақтың жебесін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/955304-petropavlda-16-zhyl-boyy-osirilgen-zhuma/

pixel