RU

Мамандар отбасының еркесі болған психикаға ауыр тиетінін анықтады

Отбасында өзін ерке санайтын ересек адам күйзеліске жиі ұшырайды деп ескертеді Пердью университетінің мамандары. Бұл туралы The Daily Mail-ге сілтеме жасап 7sunews.kz хабарлайды.

Ол күйзеліс неден туындайды? Ата-анасының алдында өзін міндетті санап, үйдегі өзге отбасы мүшелерімен бәсекелестікке түскен сайын күйзеліске ұшырайды. Әсіресе анасымен эмоционалды байланысы тығыз баланың күйзеліс белгілері айқын көрінеді. Бұны 725 (орташа жасы — 49) адамның қатысуымен болған тәжірибе дәлелдеп берді.

Ғалымдар қарым-қатынастағы эмоционалдық жақындық, жанжал, мақтаныш және көңіл қалу сезімдерінің деңгейін бағалады. Бір қызығы, күйзеліске ұшырау белгісі тек отбасындағы еркетотайда ғана байқалмаған. Олармен қатар «анам маған көңілі толмайды, ренжітіп алдым» деп жанұяда шиеленісті қатынаста жүрген баланың да жиі сарыуайымға түсіп, мұңайғаны байқалды.

Айта кету керек, анасымен эмоционалдық жақын қатынас сол адамды басқа туысқандарынан алшақтатады. Дегенмен, ешбір ата-ана тек бір балаға ерекше көңіл бөлетінін мойындамайды. Ал шын мәнінде, 65 пайыз аналар мен 70 пайыз әкелер отбасында бір баланы басқаларға қарағанда ерекше еркелетеді.

Ал шешелері тіпті ер жетіп қалған өзіне пікірлес, сенім артқан баласын өзге балаларына қарағанда ерекше бөлектеп отырады. Айтпақшы, отбасындағы шиеленіскен жағдай кейде үйден тыс жерде романтикалық қарым-қатынасты тез орнатуға ықпалын тигізіп, өз кезегінде тапқан серігіне деген байланысын нығайтады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/955335-mamandar-otbasynynh-erkesi-bolghan-psi.html