RU

Меладзенің MBAND жігіттер тобынан бір әнші шеттетілді

Констанстин Меладзе басқаратын ресейлік MBAND тобының солисі Владислав Рамм ұжымнан шығып кетті. 20 жастағы әнші жігіт бұл жайында Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Сәлем. MBAND тобында енді өнер көрсетпеймін. Осы ұжымда өткізілген әр секундыма ризашылығым шексіз. Толик,Никита және Артём менің жүрегімде мәңгі қалады. Біздің достығымыз сахна сыртында жалғаса береді.

"Velvet Music командасының барлық мүшесіне алғысым шексіз. Лиана Меладзеге, Алёна Михайловаға, Денис Орловқа және Макин Сашаға көп рахмет. Маған сендермен бірге жұмыс істеу бақыты бұйырды. Жаңа құрамдағы жігіттер өте дарынды! Рома, Серёга және Серёга! Константин Меладзеге мың алғыс. Мен өз кезегімде жеке шығармашылығыма қадам бастым. Сахнаға қайта оралам. Бірақ енді жеке өзім! Рамм", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Продюсер Константин Меладзе және топтың өзге мүшелері Раммның топтан кетуіне байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ, музыкалық команда өзгерісті радиода ресми түрде хабарламақ. Бұл жайында топтың  Вконтакте парақшасында жазылған.

"Владислав Рамм кәсіби жарамсыздығына қатысты MBAND тобынан шеттетілді. Топ продюсері Константин Меладзе мен ұжым солистері Love Radio эфирінде ресми түрде мәлімдеп, сұхбат береді", - делінген жазбада.

Мұндай өзгеріске Раммның Musicbox 2015 марапаттау рәсіміне қатысты баспасөз мәслихатына қатыспағаны себеп болған. Кей деректер бойынша, жас жігіт туыстарына Кемерово өңіріне кетіп қалған.

Топ жанкүйерлері Владислав Раммның тосын жаңалығына бірден жауап беруде. Олар әншінің топтан кетпеуін өтініп жатыр. Топтың өнерін бағалаушылар тіпті твиттерде "#ВладВернисьТыНамНужен" хэштегімен наразылық науқанын бастап жіберді.

MBAND тобы 2014 жылдың қараша айында Мәскеуде құрылған болатын. "Хочу в Меладзе" реалити-шоуының жеңімпаздары Артем Пиндюра, Владислав Рамм, Никита Киоссе және қазақстандық Анатолий Цой топ мүшелері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/955397-meladzeninh-mband-zhigitter-tobynan-bir-ansh.html