RU

Алтын тіс ұрламақ болған сириялық зират астында қалды (фото)

Ыстамбұлда алтын тіс ұрламақ болып, зират ішіне кірген 16 жастағы сириялық қазған топырағы үстіне шөгіп, мазар астында қалды. Бұл туралы Milliyet.com хабарлады.

Зират маңын күзетіп жүрген қызметкерлер мазардың қасында адамның киімін көріп, кейін «Аллаһу әкбәр» деген дыбыстарды естиді. Шошынған күзетшілер дереу арада полицияға хабар береді.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер сириялық жас баланы құтқарып алды. Оқиға Ыстамбұл қаласында болған деп жазады 24.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/955785-altyn-tis-urlamaq-bolghan-siriyalyq-zir.html