RU

Павлодар облысында екі тұрғын ұрланған дөңгелек үшін соттасты

Павлодар облысы Ертіс ауданының соты ұрланған дөңгелекке қатысты істі қарады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, биылғы жылдың тамыз айында екі жігіт Голубовка ауылына серуендеуге шыққан. Күтпеген жерде сотталушының көлігінің дөңгелегі босап қалған. Жастар дереу көршісінің дөңгелегін «ала тұруды» жөн көріп, аулада тұрған темір тұлпардың дөңгелегін шешіп алған.

Таңертең жәбірленуші полицияға өтініш жазып, көршісі 5,5 мың теңге шығын келтіргенін айтады. Алайда сотта ер адам ауылдасын жазалаудан бас тартып, екі жақ тараптың татуласқанын жеткізді. Бұл ісіне өкінген жігіт дөңгелекті иесіне қайтарып берген.

"Осыған байланысты сот қаулысымен Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енбеді", - деп жазылған соттың хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/955822-pavlodar-oblysynda-eki-turghyny-urlan.html