RU

Үндістанда егіз діни қызметші егіздердің екі жұбын үйлендірді (видео)

Үндістанның Триссур округінде ерекше үйлену тойы өтті. Оның барлық қатысушылары, тіпті неке қию рәсімін өткізген дін қызметшілері де егіздер болды.

Ағайынды Дилрадж бен Дилкер бір-бірінен айнымастай ұқсас апалы-сіңлілі Рима мен Ринаға үйленді, деп хабарлайды India Today.

Үйлену рәсімін сондай-ақ ағалы-інілі егіздер болып табылатын дін қызметшілерінің өткізгені қызықты болды. Бұдан басқа, жас жұбайларға рәсім кезінде көмектескен ұл-қыздар да бір-бірінің «сыңарлары» болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/955926-undistanda-egiz-dini-qyzmetshi-egizde.html