RU

Павлодар тұрғыны қатерлі ісікпен ауыратын ағасын сынаппен емдеймін деп өлтіріп алды

Павлодар облыстық балалар ауруханасына улану белгілері бар 2 жастан 14 жасқа дейінгі бес бала түсті. Олардың барлығы - туған ағайындылар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың хабаралуынша, ер адам қатерлі ісікке шалдыққан сырқат ағасын ұзақ мерзім бойы сынаппен емдеп келген.

"Туған-туысқандары таныстарының кеңесі бойынша онкологиялық ауруға шалдыққан ер азаматты сынап буымен емдеген. Бұл мақсатта оның ағасы сырқатты бір айы бойы сынапты үш рет қайнатқан. Химиялық зат сынап бағанасынан алынған. Ал дертке шалдыққан адам көз жұмды. Оның 44 жастағы ағасы полиция алдында түсініктеме берді. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 114-бабының 4-бөлігі бойынша қозғалды. Аталмыш іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Іс сотқа дейін жетсе, зардап шеккен отбасының туысына екі жылға дейін бас бостандығына шектеу қою және 2000 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін", - дейді Мағзұмова.

Дәрігерлердің мәліметінше, балалар ауруханаға әлсіз күйде түсіп, сүйектерінің қатты ауырғанына шағымданған.

"Балалардың барлығы антидотты терапия алады. Олардың биологиялық сұйықтығы – қан, несеп және шашы Қарағанды қаласы еңбек және кәсіби патология ұлттық гигиена институтына жіберілді. Сараптамалармен жұмыс жасалуда. Қорытындысы бойынша нақты диагноз қойылады. Улану мөлшері анықталды", - дейді облыстық балалар ауруханасы соматикалық бөлімінің меңгерушісі Ольга Ким.

Айта кетерлігі, Лебяжі ауданының Баймолдин ауылында орналасқан үйде ТЖ мамандары сынапты жою жұмыстарын жүргізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/955940-pavlodar-oblysynda-turghyn-qaterli.html