RU

Еуропаның 6 елінде жарылыс жасамақ болғандар тұтқындалды

Еуропадағы алты елдің полициясы бірігіп 15 лаңкесті тұтқындады. Оларға Батыс Еуропа мен Таяу Шығыста жарылыс жасамақ болды деген айып тағылуда деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Италия басшылығына сілтеме жасап, Рейтер агенттігі хабарлады. Айтуларынша, тұтқындалғандар Таяу Шығыстағы Ұлыбритания мен Норвегия елшіліктерін жарып жіберуді жоспарлаған.

Осыған байланысты Еуропаның бірқатар елінде лаңкестерге қарсы әскери операция жүргізілген. Италияның қылмыстық топ пен лаңкестерге қарсы күрес бөлімі басшысының мәлімдеуінше, қаскөйлерді қолға түсіру үшін 5 жыл бойы ізін аңдыған.

Осының нәтижесінде 17 адамды қамауға алуға рұқсат берілген. Олардың барлығы да халықаралық деңгейдегі лаңкестер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/955951-europanynh-6-elinde-zharylys-zhasamaq-bol.html