RU

Ердоған: Терроризмнің ұлты, діні, нәсілі мен отаны жоқ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Франция астанасында болған лаңкестік шабуылды қатаң айыптап, әріптесі Франсуа Олланд пен бүкіл француз халқына көңіл айтты.

Түрік елінің мемлекет басшысы «Терроризмнің діні, ұлты, нәсілі мен отаны жоқ. Лаңкестер күллі адамзатқа бірдей қауіпті» деп атап өтіп, халықаралық қауымдастықты терроризм мен экстремизмге қарсы күш біріктіруге шақырды.

"Түркия терроризмге қарсы ұстанып отырған бағытынан таймай, оны ауыздықтау жолында күрес жүргізуді одан ары жалғастыра бермек. Біз Анкара, Суруч, Газиантеп пен Шырнакта болған қанды шабуылдарда қалай қайғырсақ, Париждегі суыт хабарды да дәл осылай ауыр қабылдадық. Өйткені терроризмнің қауіп-қатерін сезінген мемлекет ретінде Францияның басынан өтіп жатқан қасіретті өте жақсы білеміз. Әріптесім Француа Олланд пен барлық француз халқының қайғысына ортақпыз", - деді Ердоған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/956589-erdoghan-terrorizmninh-ulty-dini-nasil.html