RU

Франциядағы теракт қазақстандық желі пайдаланушылары арасында пікірталас тудырды

Facebook әлеуметтік желісіндегі қазақстандық пайдаланушылар профиль фотосын өзгерту ұсынысын қолдап, өз парақшаларын француз туының түсіне бояп жатыр.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары өз парақшаларын автоматты түрде Франция туының түсіне өзгерте алады. Бұл өзгеріс уақытша сақталып тұрады.

Фотоны өзгерту қызметін жүздеген қазақстандық пайдаланып үлгерген. Алайда бұл бастаманы кей азаматтар қолдап отырған жоқ.

"Қорқынышты болса да, басты сұрағым: егер жүздеген қазақты жарып жіберсе, еуропалықтар дәл солай қайғыратын бола ма? Олар да біздің көк туды өз парақшаларына қоя ма? Жақында Түркияда ондаған адам жарылғанда мен мұндайды көрген емеспін", - деп жазған Ғалым Байтүк өз парақшасына Қазақстан туын сала отырып.

"Еуропа елдері мен АҚШ адамды басты құндылық санайды... Олар бұл жолда талай құрбандықтарға барды. Сол үшін олар қауіпсіз, егеменді қоғамда өмір сүруге әбден лайық", - деп жазған журналист әрі кинорежиссер Төлеген Байтүкенов.

Сонымен бірге Астанадағы "Бәйтерек" монументі жексенбі күні кеште Париждегі терактіге байланысты француз туының түсіне боялды. Бұл суреттерді қолданушылар әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Еске сала кетсек, 13 қараша күні лаңкестер Париждегі «Батаклан» өнер орталығы мен Stade de France стадионы маңында жойқын жарылыстар ұйымдастырып, 150-ден аса адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/957399-franciyadaghy-terakt-qazaqstandyq-zhel.html