RU

Парижде сойқан салған жанкештілердің есімі анықталды

Парижде сойқан салған жанкештілердің есімі анықталды деп хабарлайды 24.kz.

Футбол стадионының жанында өзін өзі жарып жіберген үш лаңкестің бірі 20 жастағы Франция азаматы Биляль Хадфи болып шықты. Тағы бір содыр 31 жастағы Ибрагим Абдеслам Вольтер желекжолында жанкешті жилетін іске қосқан. Бұған дейін Францияда оның ағасы 1989 жылғы Салах Абдесламға іздеу жарияланған еді.

Жанкештілердің қатарында 29 жастағы Франция азаматы Исмаил Омар да бар. Оның жансыз денесі «Батаклан» театрында табылған. Лаңкестің ағасы мен әкесі бұған дейін қамауға алынған болатын.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары тағы 2 содырдың есімін жариялады. Бірі – Сербия арқылы Батыс Еуропаға жеткен Сирия азаматы Ахмед Алмохаммед болса, тағы бірі – Б.Абдулакбаке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/957581-parizhde-soyqan-salghan-zhankeshtilerdi.html