RU

Қазақ саясаткерінің қызы Мәскеуде орыс мәдениетін насихаттап жүр

Жанна Ким өзінің ерекше стилімен ғаламторда танымалдыққа ие болды. Әсіресе,  қазақ қызы орыстың ұлттық киімдерін насихаттауымен көзге түсіп жүр.

Бұл туралы ғаламторда өріп жүрген фотосуреттер мен түрлі материалдар куә деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанна Ким -  Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі және Еуразиялық конгрестің жетекшісі Тайыр Мансұровтың қызы. Бүгінде Мәскеуде тұратын ол Ресейдегі белді шенеунікке тұрмысқа шыққан.

Жанна Мәскеудегі пластикалық хирургия емханасы «Сириустың» иелерінің бірі. Ол бірнеше жыл бұрын үлкен әпкесі Гаухар Мансұрова өзінің жеке бизнесін ашқанда қолдау көрсетіп қана қоймай, оның әріптесі атанды.

Жанна Ким стандарттан тыс аксессуарларды жақсы көреді. Оның киімдерінен грузин тіліндегі жазбаларды, түймедақты, тіпті, Юрий Гагариннің портретін байқауға болады.

Ал матрешкаларды Жанна Кимнің нағыз сәнді тұмары деп атауға болады. Ол матрешка пішініндегі сөмкелерді ұстайды, матрешкасы бар көйлектер киеді, тіпті ұялы телефонын да матрешка пішінінде қаптап алады. Жақында танымал ресейлік зергер Петр Аксенов Жаннаға арнап матрешка пішініндегі сырғалар мен сақинаны дайындап шығарды.

Жаннаның бас киімдері де ерекше. Классикалық және стандартқа сай емес. Ол кейде католиктің монах әйелі секілді киінсе, кейде берет киіп, тәж тағып алады.

Жанна Ким орыс мәдениетін насихаттайтын A La Russe стилінде киінгенді жақсы көреді. Құдды әйгілі Александр Роудың ертегі фильмдеріндегі кейіпкерлер сияқты. Кейде ауқатты бойжеткен кейпінде, кейде шаруаның қызы секілді киінеді. Жалпы сылқым келіншек көптеген ресейлік дизайнерлердің тұрақты сатып алушысы мен музасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/958074-tanymal-qazaq-sayasatkerininh-qyzy-mas.html