RU

Қоғамдық көлікте жыныстық мүшесін уқалаған өскемендік жігіт іздестіріліп жатыр

Өскемендегі қоғамдық көліктердің бірінде жолаушылардың көзінше жыныстық мүшесін уқалаған жігіт туралы видео әлеуметтік желілер арқылы таралып кетті.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жігіттің оғаш әрекетін жолаушылардың бірі видеоға түсіріп алған. Алайда, видеоның авторларымен байланысу мүмкін болмады. Ал қалалықтардан ер жігіттің оғаш қылығы туралы ешқандай шағым түспеген.

«Бұл қоғамдық тәртіпті ерекше бұзу болып саналады. Мұндай әрекетке барған адам 2000 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл төлеуге міндеттеледі (4 миллион теңгеге жуық). Сонымен қатар, тәртіп бұзушы 2 жылға дейін сотталуы мүмкін», - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Бүгінде атышулы бейнежазбаның кейіпкері іздестірілу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/958123-qoghamdyq-kolikte-zhynystyq-mushesin-uq.html