RU

Француз баскетболшысы Париж оқиғасына арнап шаш үлгісін жасатты

«Нью-Йорк Никс» NBA клубы мен Франция құрамасының ойыншысы Кевин Серафин Парижде қаза тапқандарды еске алу мақсатында арнайы шаш үлгісін жасатты.

Баскетболшы өзінің басына «Париж» сөзін жаздырып, шеңберге алынған Эйфель мұнарасының суретін салғызған деп хабарлайды Vesti.az.

«Мен ұйықтаудан қалдым. Өмір киноға ұқсап кетті... Адамдардың өмірін құрметтемейтіндер толып кетті... Біз күшті болуымыз керек», - деп жазады Серафин өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/958641-francuz-basketbolshysy-parizh-oqighasy.html