RU

Алматы облысында полиция із-түссіз жоғалып кеткен үш жасөспірімді тауып берді

Қарашаның 15-нен 16-на қараған түні Іле ауданының полицейлеріне ҚазЦИК кентінде тұратын екі отбасынан ерлі-зайыптылар келіп, олардың 8-11 жас аралығындағы үш баланың жоғалып кеткені жөнінде өтініш жазды.

Ата-аналардың түсіндіруінше, полицейлер жасөспірімдердің үйлерінен 15 қарашада жоғалып, әлі күнге дейін оралмағанын анықтады. Ұлдардың үлкен апаларының айтуынша, олар ауылдық спорт секциясына жаттығуға кеткен.

Дабыл бойынша көтерілген тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындарды да тартып, айналаны және жақын орналасқан елді мекендердің маңын тексеруді ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта екі тәулікке созылған іздеу жұмыстарының ақыры өз нәтижесін бергені туралы хабарлама келіп түскен - Іле АІІБ-ның ювеналдық полиция бастығы, майор Геннадий Нечаев басқарған іздеу топтарының бірі жоғалған жаөспірімдерді тапты.

«Балалар ҚазЦИК-пен көршілес ауылға апаратын жолдан табылды. Барлығы аман-сау. Қазіргі кезде олармен бірге патрульдік көлікпен Іле АІІБ-на бара жатырмыз. Олардың үйден кету себептері мен өзге де мән-жайлар сұраудан кейін анықталады. Ең бастысы, оларды таптық», - деп хабарлады телефон арқылы Геннадий Нечаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/959240-almaty-oblysynda-policiya-iz-tussiz-zho.html