RU

Көлік үшін қарағандылық бойжеткенді өлтірген ер адам 18 жылын темір тордың аржағында өткізеді

Қарағандыда BMW көлігі үшін бойжеткенді өлтірген 24 жастағы жігіт 18 жылын қатаң режімдегі колонияда өткізетін болды деп хабарлайды агенттік тілшісі.

2015 жылғы 17 қарашадағы сот үкімімен Сергей Конградтқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 8-тармағы 2-бөлігі, 192-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, қатаң режімдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Бұдан басқа, сот моральдық зиянның орнын толтыру туралы азаматтық талап арызды ішінара қанағаттандырды.

"Сергей Конгардт қаза тапқан бойжеткеннің анасына 2 млн теңге, қаза тапқан ағасына 500 мың теңге төлеуі тиіс. Сондай-ақ жазасын өтеушіден 96 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын өндіріп алынды, бұл ақшаны ол құрбанының сөмкесінен алған", - деді үкімді оқыған судья.

Еске салсақ, Қарағандыда 16 шілдеде туыстары әлеуметтік желіде  Ирина Шевченконың жоғалып кеткені жайлы хабарлама таратқан. Ол көлік сатып алушымен кездесу үшін BMW маркалы көлігін мініп кеткеннен кейін үйіне оралмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/959482-kolik-ushin-qaraghandylyq-boyzhetkendi.html