RU

Аспандағы белгісіз нысан астаналықтарды шошытты (фото, видео)

17 қарашада кешкі уақытта Астана тұрғындары ерекше құбылысты байқады деп хабарлайды 24.kz.

Кешкісін аспанда жарық пайда болып, тез арада жоқ болып кетті. Сондай-ақ Lifenews порталының хабарлауынша, белгісіз нысан Ресей ракетасы болуы мүмкін.

17 қарашада Плесецк космодромынан әскери серігімен бірге «Союз-2.1б», ал сынақ шеңберінде Капустин Яр полигонынан «Тополь» ракетасы ұшырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/959887-astana-turghyndary-aspandaghy-belgisi.html