RU

Психолог мамандығын сатып алған ақтөбелік сот алдына келді

Ақтөбе облысында жалған дипломмен жұмыс жасаған ақтөбелік сотқа тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ырғыз аудандық сотында Қылмыстық Кодекстің 385-бабаның  3-бөлігімен  (көрінеу жалған құжатты пайдалану) айыпталған Н. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Айыптау қорытындысына сай, сотталушы Н. 2009 жылғы қаңтар айында Ақтөбе қаласында тергеумен анықталмаған К.  есімді танысынан Алматы қаласындағы университеті «психолог» мамандығын алғандығы туралы дипломын сатып алған. Дипломның жалған екендігін біле тұра, оны Ырғыз ауданы, Қарасай ауылындағы «Қарасай негізгі мектебі» ММ-не тапсырып, «психолог» маманы ретінде жұмысқа орналасқан.

Сот мәжілісінде сотталушы Н. өз кінәсін мойындап, жеңіл жаза беруді сұраған. Сот сотталушының өкінуін, бұрын сотталмағандығын ескеріп, оған 59 460 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/959915-psikholog-mamandyghyn-satyp-alghan-aqto.html