RU

«Көгілдірлер көжесі» интернетте қызу пікірталас тудырды

Джесс Хикс жарнамадан сәбиді екі әкесі тамақтандырып отырғанын көріп, Facebook-тегі парақшасына шағымданған. Ол бұл жарнама көжені емес көгілдірлерді жарнамалау деп қабылдаймын деген. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

“Өз басым, мұндайға қарсымын”, – деп жарнаманы интернеттен алып тастауды талап еткен. Жарнама тоқтатылмаса компанияны сотқа беретінін де айтқан.

Мәселе әлеуметтік желілерде бірден қызу талқыға түсті. “Campbell’s” компаниясының консервіленген көжеге жасалған жарнамасы еді. Артынан компания Джессиге «Екі ер адамның баласын тамақтандырып отырғанды порнографиялдық фильммен шатастырып алған сияқтысыз?» деп жауап жазған. Оған Джесси «бала мектепке барғанда екі әкесі барын түсіндіру қиын болмай ма?» деген. Пікірталас немен аяқталғаны белгісіз.

Бірақ жарнама «Звездные войны: пробуждение силы» фильміне негізделіп түсірілген. Киноның премьерасы 18 желтоқсанда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/960158-kogildirler-kozhesi-internette-qyz.html