Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Адасқандар» - Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған 31 арнадағы жаңа тұсаукесер

Опубликовано:

Желтоқсанның жетінші жұлдызында 31 арнада қазақ хандығының 550-жылдығына арналған жаңа тарихи-фантастикалық телехикаяның тұсаукесері өтеді. Өткен ғасырдың кейіпкерлері, сол кездегі тұрмыс-тіршілікті көрсететін декорациялар мен реквизиттер, сол заманға сай киім үлгілерін киген кейіпкерлер және қазақ жерінің кең байтақ даласы!

Телехикаяның сюжеті қазіргі заманда өмір сүріп жатқан бірнеше қазақстандықтардың бұрынғы Қазақ Хандығының тұсына өтіп кеткендері жайлы баяндайды. Хикаяның басты кейіпкері: Талас Серкебаев - белгілі физик, физика-математика ғылымының докторы, уақыт порталын жүзеге асыру үшін бірнеше жылдан бері зерттеулермен айналысып келеді. Арнайы аппараттың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Таластың жұмысына жаңа бейнебаян түсіреміз деп адасып келген Айдана есімді танымал әншінің тобы кедергі келтіріп, барлық кейіпкерлер кенеттен бұрынғы заманға өтіп кетеді…

Сериалдың басты мақтанышы: танымал, кәсіпқой актерлер. Туындының жұлдызы - белгілі қазақстандық әнші Кәмшат Жолдыбаеваның туған сіңілісі – Алтынай Жолдыбаева, театр және кино актерлері Әсет Иманғалиев, Бауыржан Сұрапбаев, Бану Манкеева, Зейнәбіл Жомарт сынды талантты өнер иелері өз кейіпкерлерін жақсы сомдап шықты.

Өз өмірлеріне үйреніп қалған кейіпкерлеріміз Қазақ хандығына өтіп кеткен соң, ол жерден тірі қалып, қашып шыға алады ма? Әдемі әуен мен әзілге толы хикая ешкімді бей-жай қалдырмайды.

7-ші желтоқсаннан бастап сағат 23.00 «31 арнада»

«31 арна» – жоғары сапалы ұлттық төл өнімдері бар, отбасылық көрсетілі/мге арналған шабыттандыратын, мейірман, күлкілі, қызық әрі қауіпсіз қазақстандық ойын-сауық арнасы. Арна ұраны: «Отбасымен бірге көрейік!». Отыз бірінші арна бүкіл арналар арасындағы ұлттық телерейтингі бойынша екінші орынды ұстап, прайм-таймда бірінші орында.

*Жарнама құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/960477-adasqandar-qazaq-khandyghynynh-550-zhyld/

pixel