RU

«Бәйбіше Тоқал» атты филлипиндік телехикаясының 31 арнадағы тұсаукесері

Қарашаның отызыншы жұлдызында 31 арнада «Бәйбіше Тоқал» атты жаңа еліктірер филлипиндік сериалдың тұсаукесері өтеді. Бұл телетоптама жай ғана ерлі-зайыптының опасыздығы туралы хикаялардың қатарына жатпайды. Жаман немесе жақсы деп бөлуге келмейтін ерекеше кейіпкерлер мен қарама-қайшы оқиғаларға толы сюжеттер - телехикаяның өзегі.

Телехикаяның сюжеті адамдардың шынайы өмірі туралы, олардың ара қатынастарын баяндайды. Ивонн -Виктор есімді күейуі мен Маркус атты баласын жақсы көретін қарапайым үй шаруасындағы әйел. Ерлі-зайыпты жұп бақытты, бірін-бірі сүйіп сыйлайтын үлгілі отбасы.

Алайда, Виктор ойда жоқта қолындағы шағын бизнесін жоғалтып, Джанин есімді жас келіншектін гүл шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр болады. Тапсырысты орындап болған соң, Виктор Джанинннің Одри атты кішкентай қызының тыныс ала алмай жатқанын көріп, баланы аураханаға жеткізіп, өмірін құтқарып қалады. Одри оны өзінің ешқашан көрмеген әкесі деп ойлап қалады. Баланың жүрегін жараламау үшін, Джанин Викторға ақша төлеп, Одридың әкесінің рөлін сомдауды өтінеді. Келісімін берген Виктор, өз рөлін жақсы орындайды. Уақыт өте келе, оның өз әйеліне деген махаббаты суи бастайды. Көп ұзамай Виктор Джанинға ғашық болады.

Алданған Ивонн, Викторды кешіре алмайды. Ал Виктор болса Джанинмен қосылуын қалайды. Ерлі-зайыптылар ажырасуға келіседі де, Виктор Джанинге үйленіп, ал Ивонн ақырындап өмірін қолға алып, Альберт есімді жігітті кездестіреді.

Бәрі орнына келіп, біздің кейіпкерлер бақытқа кенеледі. Ивонн мен Альберт жаңа өмір бастайды, ал Джанин мен Виктор бала кутеді. Алайда, ойламаған жерден, Виктор жол апатына тусіп, жадынан айырылады. Нақтылап айтқанда, Виктор Джанинді есіне түсіре алмайды. Оның есінде Ивонн екеуі бақытты отбасы болған кездері ғана қалған...

30-шы қарашадан бастап сағат 15:00де «31 арнада»

«31 арна» – жоғары сапалы ұлттық төл өнімдері бар, отбасылық көрсетілімге арналған шабыттандыратын, мейірман, күлкілі, қызық әрі қауіпсіз қазақстандық ойын-сауық арнасы. Арна ұраны: «Отбасымен бірге көрейік!». Отыз бірінші арна бүкіл арналар арасындағы ұлттық телерейтингі бойынша екінші орынды ұстап, прайм-таймда бірінші орында.

*Жарнама құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/960552-baybishe-toqal-atty-fillipindyq-tel.html