RU

Қырғызстанда тағы да 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Бүгін сағат 11.26-да Қырғызстан Республикасы Сейсмология институтының стансасы 4 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады КирТАГ.

Жер сілкінісінің магнитудасы - Mpv=4.3, энергетикалық класы - K = 9.9.

Қырғызстан Республикасының ҰҒА Сейсмология институтының алдын ала деректеріне сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Чайчи ауылының оңтүстігіне қарай 8 шақырым қашықтықта, Лянгар ауылынан шығысқа қарай 8 шақырым жерде, Қаблан-Кол ауылының солтүстік-батысына қарай 12 шақырым, Ош қ. оңтүстік- шығысына қарай 35 шақырым жерде орналасты.

Қырғызстан Республикасының Чайчи, Каблан-Кол, Лянгар елді мекендерінде - 3,5 балл,  Қызыл-Туу, Боз-Қараған, Бек-Жар, Қара-Шоро, Баш-Булақ ауылдарында -3 балл, Қызыл-Корғон,  Ош  қаласында -   3  балдық жер сілкінісі болды.

Алдын ала деректерге сүйенсек, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Бұдан бұрын 17 қарашада Қырғызстан оңтүстігінде қуаты 4-тен 6 балға дейін жеткен жер сілкінісі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/960724-qyrghyzstanda-taghy-da-4-baldyq-zher-silki.html