RU

Мишель Обама Ақүйде “Конга” әніне биледі

АҚШ президентінің жұбайы Мишеь Обама бродвейлік мюзикл қатысушыларымен бірге Ақүйде би биледі деп хабарлайды stan.kz The Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Орындаушылық шеберліккке қатысты өткен семинар аясында бірінші леди өзіңің би өнерін көрсетіп, латынамерикалық әнші әрі әннің авторы Глория Эстефанмен “Конга” әніне биледі.

Осыдан соң Обама “Бродвей – АҚШ-тың ұлттық мақтанышы екенін, ол адамның көңілін көтеріп қана қоймай, рухани дем беретінін” айтты.

Бродвей – Нью-Йорк көшесінің атауы. Мұнда көптеген театрлар мен концерттік залдар шоғырланған. Онда жан-жақтан келген мюзиклдер мен шоу көрсетушілер өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/961166-mishel-obama-aquyde-konga-anine-bi.html