RU

Қазақстандағы сұранысқа ие бензин маркаларының бағасы түспейді

Энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстандағы сұранысқа ие бензин маркаларының бағасы арзандамайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы "Тоталға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Бензин бағасы түспейді. Себебі біз бағаның шегіне жеттік. Одан төмен мұнай өңдеу өнеркәсібінде де, зауыттарда да болмайды. Технологиялық үдерістің реті солай келіп тұрғандықтан, біз шегіне жеттік", - деді ол мәжілістің пленарлық отырысы барысында.

Министр сонымен қатар, бензин құнына акциздердің жоғарылауы да әсер етпейтінін айтты.

«Акциздер тек біздің зауыттарда өндірілетін мұнай өнімдері үшін көтерілді. Олар бір тізбекті құрайтын болады. Қазір біздің нарық ашық. Егер өндірушілердің бірі жоғары бағамен қойып қойса, одан ешкім сатып алмай қояды. Ол акцизді мемлекетке төлейді. Қалай болғанымен,  ол нарықта отыр. Ресейден келетін әлдеқайда арзан бензин сатып алады. Осы үдерістің бәрі барынша үнемдеуге итермелейтін болады: жалақыдан бастап, энергетикалық қорларды, электрді үнемдеуге дейін", - дейді ол.

Владимир Школьник қазірде ЖЖМ нарығын болжап отыру мүмкін еместігін алға тартты.

«Нарық бұл істі өзі реттейді. Бәлкім бұл адамдар нарықтан жоғалып кетер. Бәсекеге қабілетсіздері шығып қалады", - дейді министр.

Еске салсақ, 16 қараша күні үкімет №887 қаулысына сәйкес, көтерме сауда арқылы өткізу үшін бір тонна бензиннің акциз мөлшерлемесі 10 500 теңгеге жеткен. Ал бөлшек сауда үшін – 11 000 теңге. Осылайша акциз мөлшерлемесі екі есе көтерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/961295-qazaqstandaghy-suranysqa-ie-benzin-ma.html