RU

«ҚазМұнайГаз» басшылары трансформациялаудың негізгі бағыттарының бірін қарастырды

2015 жылдың 18 қарашасында  Астанада  «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ  «КМГ Глобал Солюшнс Б.В.»  компаниясымен бірлесе отырып «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көшбасшы. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы басшының рөлі» деген тақырыпта бас директорлар форумын өткізді.

Алғаш рет өткізіліп отырған форумға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері мен басшылығы, 40 еншілес және тәуелді ұйымдардың бас директорлары, «Самұрық-Қазына» АҚ және бірқатар шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – ында  еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің ағымдағы жай-күйіне баға беру, сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобында қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жоспарларын талқылау.

Өз сөзінде Сауат Мыңбаев атап өткендей, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірісте жарақат алу деңгейін азайту – әрбір басшының бірінші кезектегі міндеті.

Жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  Басқарма төрағасының өндірістік перспективалық даму жөніндегі орынбасары Глеб Люксембург сөз сөйледі. Ол атап көрсеткендей, қазіргі уақытта ҚМГ компаниялар тобының кәсіпорындарындағы  жазатайым уақиғалардың 90 пайызы қызметкерлердің өздерінің қауіпті іс-қимылынан туындап отыр.  Осыған орай компания саясатына сәйкес кәсіпорындарды басқару процесінде қауіпсіздік мәселелері басым бағыттардың қатарына енгізілуі тиіс. Өндірістегі қызметкерлерге қауіпсіз жұмыс істеудің жолдары тереңірек үйретілуі керек.  Сондай-ақ қауіпсіздікті басқарудың нақты және түсінікті процедуралары мен құралдары енгізілуі талап етіліп отыр.

ҚМГ-да қауіпсіздік және еңбек қорғаудың жай-күйі, 2015-2020 жылдары осы саладағы ұлттық компанияның мақсаты және қауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеуде басшылардың рөлі туралы ҚМГ еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директор Винсент Спинелли баяндап берді.

Форумға қатысушыларға ExxonMobil (Ұлыбритания) өкілі Грегори Кинг мұнай секторының қауіпсіздік саласында тәуекелдерді басқару жөнінде айтып берді. «ТШО-дағы қауіпсіздік мәдениеті» –  «Теңізшевройл» ЖШС операциялық директоры Том Макгуайэр осы тақырыпта баяндама  жасады.  Сонымен қатар   ҚМГ компаниялар тобында еңбек және қоршаған ортаны қорғауды трансформациялаудың перспективалары қарастырылды.

Пікірталас барысында бірнеше рет аталып өткендей, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда барлық деңгейдегі басшылардың рөлі  айрықша екені сөзсіз. Осы мәселелерде олар ең алдымен үлгі болулары тиіс.  Кез келген басшы өндірістік нысандарда тұрақты болып, кемшіліктерді анықтаудың жүйесін енгізулері және оларды түзетудің жолдарын қарастырулары қажет.

Форум қорытындысы бойынша әрбір қатысушы еңбек және қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру саласында көшбасшы болу жөніндегі жеке міндеттемелеріне қол қойды.

Форум делегаттары ҚМГ басшылығының тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырған осы жиынды өткізген бастамасын жоғары бағалады. Мұндай шараларды жыл сайын өткізу жоспарланды.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/961359-qazmunaygaz-basshylary-transformac.html