RU

Қазақ тойындағы әдепсіз би жұртты тағы да дүрліктірді

Қазақ тойындағы қонақтардың биі Қазнет пайдаланушыларын тағы да есеңгіретті. Ер кісі мен шығыс биін билеген бойжеткен жыныстық қатынастың қимылдарын саламын деп, ұятты болды.

Ескертпе: Видеода бейәдеп кадрлар кездеседі.

Шығыс биін билеп жүрген бойжеткен ер кісіні өзіне еліктіріп әкетеді. Кейін оны басынан сүйреп, бірнеше рет оның жүзін өз кеудесіне тақайды.

Ер кісіні бұл жағдай есеңгірете қоймаған сияқты. Ол бойжеткенді сол сәтте басынан ұстап алып, еңкейтеді де, дәстүрлі емес жыныстық қатынастың қимылдарын салады. Қазнет пайдаланушылары көпшілік алдында әдепсіздік танытқан азамат пен келіншектің әрекетін сынға алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/961386-qazaq-toyyndaghy-adepsiz-bi-zhurtty-tagh.html