RU

"Ислам мемлекеті" апат болған ресейлік ұшаққа қойылған жарылғыш заттың суретін көрсетті

"Ислам мемлекеті" лаңкестер ұйымы өздерінің бағыты жайлы нсаихаттайтын БАҚ-ның біріне Мысырда жарылған Ресей ұшағына салынған жарылғыш заттың суретін жария етті деп жазады Лента ру.

Суреттен байқағандай жарылғыш зат Schweppes газдалған сусынының құтысына салынған. Сондай-ақ, оның жанынан детонатор және таймерге ұқсас тағы бір нәрсені көре аламыз.

Сонымен бірге, содырлар ұйымы журнал бетіне бортта болған жолаушылардың да жеке құжаттарының суретін орналастырған. Алайда, лаңкестердің жолаушылардың құжаттарына қалай қол жеткізгені әзірге белгісіз дейді құқық қорғау органдары.

Ресей Қорғаныс министрлігі ҒЗИ-дің бұрынғы директоры Виктор Поплавский оның ұшаққа қойылған жарылғыш зат болуы мүмкін екенін айтып отыр.

"Онда 300 грамм ұнтақ тәріздес зат салынған. Бұл күшті жарылыс жасау үшін жеткілікті", - дейді ол.

Кремльдегі жиналыста ФСБ басшысы Александр Бортников апаттың террорлық әрекеттен болғандығын атап өткен еді. Ресей президенті В.Путин де кінәлілердің жазасыз қалмайтындығын айтты. Сондай-ақ, ол Сирия аумағына Ресей әскери ұшқтарын одан әрі көбейтіп, жұмысын күшейтетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Мысырдың Шарм-әл-Шейх курортынан Санкт-Петербургке бағыт алған ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 23 минуттан соң радар экрандарынан ғайып болып, апатқа ұшыраған еді. Оның бортында болған 224 адамның барлығы қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/961837-islam-memleketi-apat-bolghan-reseylik.html