RU

Атырау облысында бұралқы иттер екі тұрғынның аула-қорасындағы 21 қой-ешкіні жаралап кетті

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында бұралқы иттер екі тұрғынның аула-қорасына түсіп, 21 қой-ешкіні жаралап, тоғызын жеп кеткен деп жазады Ақжайық басылымы.

"Ауылда қаңғыбас иттер толып кеткен. Олар малға ғана емес, адамдарға да шабады. Әсіресе, кешке көбейеді. Біз мектептен кешке оралатын балаларымыз үшін қорқамыз", - дейді алаңдаған тұрғындар.

Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай Латиевтың айтуынша, аудан бойынша 200-ге жуық қаңғыбас ит есепке алынған. Биыл 41 адамды ит қапқан оқиға тіркелді. Күні бүгінге дейін 1 079 ит, 67 мысықтың көзі жойылған.

"Жыл сайын ит-мысықты атуға бюджеттен 800 мың теңге бөлінеді. Бұл шара көктем және күз айларында ұйымдастырылып жүр. Бұрын қорғасын оқпен ататынбыз, қазір дителин деген дәрі салынған инемен дротик арқылы атылады. Үлкен арақашықтықта ит-мысыққа дәл тигізу немесе сұлату қиын. Бірақ біз бәрібір атуды жалғастыра береміз", - дейді Латиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/961875-atyrau-oblysynda-buralqy-itter-eki-tu.html