RU

«Барыс» клубының хоккейшісі СКА ойыншысымен жаға жыртысты (видео)

Бейсенбі күні астаналық «Барыс» клубының хоккейшісі Дамир Рысбаев питерлік «СКА» командасының ойыншысы Евгений Артюхинмен ойын басталмай жатып жаға жыртысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Ойын басталған уақыттан оңтайлы сәтті аңдыған қос ойыншы 2-минутта көздегендеріне жетті. Алайда, бас-аяғы 1 минутқа созылған төбелестен екі хоккейшінің де айызы қанбағаны көрініп тұрды. Бойшаң Артюхин ә дегеннен Рысбаевты соққының астына алғанымен дәл тиген соққыны көре алғанымыз жоқ.

Ал Дамирдің бір рет құлаштап соққан жұдырығы құлақ шекеден тиді. Төрешілер екі ойыншыға да 5 минуттан айып мерзімін белгілеп, алаңнан аластатты.

Жалпы, қос команда арасындағы матчта жергілікті «СКА» клубының мерейі үстем болды. Алаң қожайындары 5:1 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан 5 ойында жеңілмей келген «Барыстың» сериялы жеңістеріне тосқауыл қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/962692-barys-klubynynh-khokkeyshisi-ska-oyyn.html