Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

LG Electronics ұсынған OLED TV – дисплейлер технологиясының болашағы

Опубликовано:

«Экрандық» технологиялар саласындағы жетістіктер күткен үміттерден де асып түсті. Үлкен әрі ауыр ЭЛТ-мониторлардың орнын «плазмалар», LCD және LED басты.

LG TV тарихы 1996 жылдан бастау алады, дәл сол кезде ең алғашқы ақ-қара теледидар көрермендер мен сарапшылардың көңілінен шыққан болатын. Соңыра компьютерлендірілген түрлі-түсті теледидар (1993 ж.), алғашқы 55" LCD теледидар (2004 ж.), FULL LED технологиясы бар LG 3D теледидар (2010 ж.), 42PC3DA модельді плазмалық панелі бар теледидар шықты. Жуандығы ~5 мм, органикалық кристалдардан құралған өзі жанатын көмескі жарығы бар 55EM970V моделі ерекше жіңішке OLED модельдеріне бір қадам жақын қалған.

Алайда кемелдіктің шегі болмайды. Органикалық жарықдиодтар технологиясы бойынша жасалған OLED-теледидар барлық параметрлері бойынша әуелгі модельдерден озық.

Жалпы OLED – ол жуандығы 100–500 нм, яғни адам шашынан 200 есе жұқа болып келетін органикалық компоненті бар LED-жарықдиод. OLED-дисплей көмескі жарықты талап етпейді. Себебі оның көп қатпарлы полимерлер құрылымы электр тоғының ықпалымен өзі жарықтана бастайды.

LG компаниясы алғашқы болып нарықта небары 4,3 мм дисплейі бар иеілген теледидарларды ұсынды. Бұл инновациялық теледидарлар құрастыру саласында маңызды оқиға болды. Бейнеге барынша ену әсері, тамаша контраст және түс тарату органикалық жарық тарату диодтар технологиясының арқасында мүмкін болып отыр. LG 55EG960V моделі – OLED теледидарларының ең үздік буын өкілі.

Бүгінде иілген экраны бар LG 4K OLED теледидары үздік дизайн және жоғары деңгейлі техникалық ерекшеліктері үшін EISA 2015 сыйлығын иеленген. Жәнеде АҚШ-та «Теледидарлар патшасы» атанған. Сонымен қатар LG OLED TV 4K теледидары WhatHi-Fi Sound&Vision and Stuff танымал техникалық журналының халықаралық техникалық сарапшыларынан «5 жұлдыз» ең үздік бағасын алған.

*Жарнама құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/963608-lg-electronics-usynghan-oled-tv-displeyler-tekhnologiya/

pixel