RU

Моңғол қызы Қазақстанға қола медаль алып берді

Қазақстандық дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 кг) Қытайдағы «Grand Prix» сынының қола иегері атанды, деп хабарлады Дзюдо федерациясынан.

Турнирдің алғашқы күнінде ерлер арасында Айбек Имашев бесінші орыннан көрінді.

Еске сала кетейік, кеше ерлер арасында 60 және 66 келі, әйелдер арасында  48 және 52 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар күш сынасты.

Бүгінгі жекпе-жектер «Қазспорт» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/963862-monhghol-qyzy-qazaqstangha-qola-medal.html