RU

Есімі елден ерекше жігіт өз атын атаудан ұялып жүр

Австралияда тұратын Вьетнам тумасы төлқұжатын елге көрсетуден қалды.

Құжатта шын аты жазылғандығын дәлелдеуден шаршаған жігіт, оның суретін ғаламторға жариялапты, деп хабарлайды The Mirror.

Бұл тұрғынның аты-жөні Phuc Dat Bich екен. Осының кесірінен Facebook оның парақшасын 3 рет жауып тастаған. Вьетнамша есімі Фуп Дук Бик деп айтылуы тиіс.

Бірақ, бұл аттың ағылшын тілінде дыбысталуына келгенде - жағдай мүлде өзгеріп шыға келеді екен. Осының барлығына қарамастан, ғаламтордағы қауым оны үнсіз қолдап, төлқұжат суретіне мыңдаған «лайктар» қойып, талай рет репост жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/963874-esimi-elden-erekshe-zhigit-oz-atyn-ataud.html