RU

Париждегі терактіде көз жұмғандар саны 130-ға жетті

Франция астанасында 13 қараша күні болған лаңкестік шабуылдардан қаза тапқандардың саны 130 адамға жетті. Әлі 90 кісі аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Бұл қанды қырғынға байланысты француз тергеушілері зерттеу жұмысын жалғастырып, «Стад де Франц» стадионында өзін-өзі жарып жіберген жанкештінің аты-жөнін анықтады.

Прокурорлардың мәліметінше, босқын ретінде тіркелген азамат елге Грекия шекарасы арқылы келіпті. Осымен Франция полициясы өзін-өзі жарған 7 жанкештінің бесеуінің аты-жөнін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/964029-parizhdegi-teraktide-koz-zhumghandar-sa.html