RU

Жаңа Зеландияда аборигендер жаппай Ислам дінін қабылдауда

Жаңа Зеландия елінде жылдан жылға ислам дінін қабылдаушылар қатары артып келеді. Әсіресе, оның ішінде мұсылман болуға ынтық аборигендер де баршылық деп хабарлайды ummet.kz.

Абдулла Друри – ислам дінін осыдан 20 жыл бұрын қабылдаған, бүгінде жергілікті мұсылман қауымдастығының жетекшісі. Оның дін исламға бет бұруына Уаикато университетінде әлемдік діндер туралы өткен конференциядағы баяндамашылар себеп болған. Ислам дінін қабылдағаннан соң Абдулла Фиджи аралының мұсылман қызына үйленеді.

Соңғы халық санағы деректеріне сәйкес, Жаңа Залендияда 46 000-нан аса мұсылман бар. Олардың ішінде 4535 адам өздерін мұсылманшылықты қабылдаған пакех этносынанбыз (еуропалық) деп санайды, 1083 адам – маори халқынан (аборигендер), ал 1536 – Тынық мұхиты аралдарынан.

Жаңа Зеландиядағы мұсылмандар саны 2006-2013 жылдар аралығында 28%-ға өсті деп жазады Stuff.co.nz.

Жергілікті мұсылман қауымдастығы жетекшісі Мұстафа Фаруқтың айтуынша, аралдағы мемлекеттің байырғы тұрғындарының басым бөлігі ислам дінін қабылдаған.

«Әлем елдерінде жағымды не жағымсыз жаңалықтар, оқиғалар орын алғанымен, бұл елде құбылаға жүз бұрып, исламды хош көрушілер саны артып келеді», - дейді доктор Фаруқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/964223-zhanha-zelandiyada-aborigender-zhappay.html