RU

Шымкенттің тартымды шұлықтары итальяндықтарды таң қалдырды (фото)

Алматылық кәсіпкер Серік Ахметов Шымкентте шұлық шығаратын фабрика ашып, оның өнімдері елде ғана емес, Италияда да жоғары бағаға ие болды деп хабарлайды Stan.kz.

Бірақ шұлықдамбалдың қаптамасында өндірушінің мекен-жайы көрсетілмеген.

“Қаптамада”made in Shymkent” деп жазылғанды қазақстандықтар бәрі бірдей қабылдай қоймайды. Оның үстіне көпшілігі отандық өнімнің жақсы болатынына сенбейді. Қазақстандықтар көбіне шетелдік өндірушілерге сенеді. Бірақ ол қате ұғым. Біздің ел де шетелдік өндірушілерден кем емес. Сондықтан осындай айлаға бардық”, - дейді Серік Ахметов.

Айтуынша, олар негізінде итальяндықтармен серіктес. Себебі, құрал-жабдық, матаға дейін сол жақтан алынады. Жалпы, бұл фабрика Бүкіл Орталық Азия бойынша біреу ғана екен.

Кәсіпкердің өзі шұлықдамбал шығару жағынан үздік елдерді аралап, танымал фабрикаларда болып, бәрін бақылап келген. Бүгінде фабрикада 15 адам жұмыс істейді. Қазір фабрикада 8-100 DEN қалыңдықтағы шұлықдамбалдар бар. Сонымен қатар, нәски, кестелі шұлықтар шығарады. Тіпті, кәсіпкер өз өнімінін Алматыда қазан айында өткен сән апталығында көрсеткен екен.

Кәсіпкердің айтуынша, отандық шұлықтарды көрген итальяндықтар өз көздеріне өздері сенбеген деп хабарлайды NUR.KZ.

«Біз өндірісті іске қосқанда, алғашқы партиясын Италияға алып бардым. Бастапқы кезеңде қол ұшын берген итальяндықтар шұлықтардың расымен бізде жасалғанына сене алмады. Итальяндық дүкендердің бірінен сатып алып, қазақстандық етіп көрсеттім деп ойлаған. Бір жағынан мақтанарлық дүние, екінші жағынан аздап көңіліме алдым. Маған «Сіздің қолыңыздан келетініне сенбеп едік. Үйреттік, алайда сенбедік. Себебі бұл өте күрделі" деп ашығынан айтты. Ал біздің қолымыздан келді", - дейді кәсіпкер.

Светлана Елистратова сатылымға шығатын шұлықтың жаңа үлгісін көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/964239-shymkenttinh-tartymdy-shulyqtary-ital.html